• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 00:33:06
Алматы
+12°

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Рауан Кенжеханұлы Қазақстанға мектептердің жетіспейтінін айтып, бір ауысымда оқуды ұсынды.

– Қоғамдық сенім кеңесінің мәжілісі білім беру тақырыбына арналуы – еліміздегі өзекті мәселелердің бірі. Біріншіден, басты кедергі – мектептің жағдайы деп ойлаймын. Нақтырақ айтсақ, Қазақстанға мектеп жетіспейді. Қазіргі таңда елімізде 7400 мектеп бар, онда жалпы 3,5 млн-нан аса бала оқиды. Оның 70 пайызы екі ауысымда, ал 200-мың бала 3 аусымды мектепте оқиды. Соңғы жылдары Қазақстан білім берудің мазмұнын жаңартуға көп күш салды. Ілгері дамыған елдердің талаптарына бағытталды. Бірақ біз талаптарға ұмтылған елдердің ешқайсысында 3 немесе 2 ауысымды оқытатын мектеп жоқ, – деді кеңес мүшесі. 

Ол өз сөзінде сапалы білім беру үшін мектептің бір ауысымда жұмыс істеуі маңызды деп атап өтті.

– Біздің есебімізше орта білім беру жүйесін толықтай 1 ауысымға өткізу үшін Қазақстанға шамамен 3 мыңдай жаңа мектеп қажет. Мұндай ауқымды мәселені мемлекет тек өз күшімен тез арада шеше алмайды. Біздің ұсынысымыз – мектеп салуға жеке қорларды кеңінен тарту, – деді Р. Кенжеханұлы.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір