• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

08 Мамыр, 07:57:35
Алматы
+35°

Денсаулық сақтау министрлігі елде коронавирус жұқтырған тағы 4 адамның көз жұмғанын хабарлады.

 

Қайтыс болғандардың барлығы 60 жастан асқан. Олардың ішінде Қарағанды облысында 1964 жылы туған ер адам, Атырау облысында 1964 және 1951 жылы туған ер адамдар, Нұр-Сұлтан қаласы 1951 жылы туған әйел адам бар.

 

Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдаған.

Қазақстан бойынша барлығы 48 адам қайтыс болды. Елде індетке шалдыққандардың жалпы саны 11796 адамға жетті. Оның 6240-ы жазылып шыққан.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: коронавирус

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір