23 Наурыз, 2024 Әлем
Фото: ФҚҚ сайты
Ресей билігі Мәскеудегі теракт Украинамен байланысты деп мәлімдеді.
Ресейлік ФҚҚ (ФСБ) күдіктілер Ресей-Украина шекарасын кесіп өтпек болғанын хабарлады.
Қауіпсіздік қызметінің мәліметінше, күдіктілер шабуыл жасағаннан кейін Украинаға қашпақ болған.
“Олардың Украина тарапымен байланысы болған” деп арнаулы қызмет.
ФҚҚ мәлімдемесінде Крокус Сити Холлдағы шабуыл мұқият жоспарланғаны айтылады. Брянск облысында ұсталған күдіктілер қазіргі уақытта Мәскеуге жеткізіліп жатыр.
Қазіргі уақытта террорлық шабуылдан қаза болғандкр саны 143-ке жетті. Тергеу комитетінің мәліметінше, құрбандар саны тағы артуы мүмкін.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір