• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 13:39:58
Алматы
+12°

ҚР ҰҚК-нің Павлодар облысы бойынша департаменті жедел-іздестіру шаралары барысында "гидропоника" әдісін қолданып есірткі өсімдіктерін заңсыз өсірумен айналысқан павлодарлықты ұстады.

"2020 жылдың 25 мамырында жалға алынған гаражда тиісті құрал-жабдықтармен жабдықталған есірткі зертханасында қолдан өсірілген "голланд" және "мексика" сорттарының 28 элиталық қарасора түбі табылды (нарықтық құны шамамен 14 млн теңге), сондай-ақ сатуға дайындалған дәрілік заттар да шықты" дейді ведомстводағылар.

 

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 277-бабының 3-бөлігі, яғни "Есірткі , психотроптық заттарды, олардың баламасын сату немесе өткізу мақсатында заңсыз дайындау, өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау" бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тізілімге тіркелді.

Тәркіленген заттар бойынша сот-химиялық сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір