11 Маусым, 2020 NEWS
Getty
Бейжіңнің Тайваньға басып кіру ықтималдығын ескере отырып, АҚШ әскери-әуе күштері даулы Оңтүстік Қытай теңізі үстінен жартылай автономды тыңшы дрондар мен "B-1B" бомбалаушыларын ұшыруды бастады. Бұл туралы Қамшы тілшісі британиялық The Independent басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл қадам су жолының стратегиялық маңызын, сондай-ақ Вашингтонның Қытайға деген қатал көзқарасын көрсетеді.
Әскери-әуе күштері дрондарды Жапонияның "Yokata" деп аталатын әуе базасынан ұшып жатқанын айтты.
Америкалық ғарыштық және қорғаныс саласындағы жетекші компания "Northrop"-тың вице-президенті Скотт Уинджи "қазір біздің өңдеу қабілетіміз өте тез және бізде соншалықты көп қойма бар, сондықтан біз бұл миссияны орындап жатырмыз" деп мәлімдеген.
Басылымның ақпаратынша, "В-1B" ұшағы Гуамнан ұшып өтіп, Оңтүстік Қытай теңізі бойынша нақты миссияларды жүргізуде.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір