25 Маусым, 2020 NEWS
aigak.kz
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов карантин күшейтілгеннен кейін 42 500 теңгенің төленуіне қатысты пікір білдірді.
– Енді 42 500 теңге төленбейді. Оны жоспарлап та отырған жоқпыз. 42 500 әлеуметтік төлеміне бюджеттен қаржы қарастырылмаған. Төтенше жағдай кезінде 42 500 теңге төлеуге біраз қаражат жұмсалды, – деді Нұрымбетов.
Оның айтуынша, төтенше жағдай кезінде 8 млн-нан астам адам 42 500 теңгеге өтініш берген.
– Бізге Ұлттық банк ТЖ уақытында көп көмегін көрсетті. Ол қор активтерін сату, қаржы құралдарын жабу арқылы қажетті ақша қаражатын босатып берді. Соның арқасында мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры 322 млрд теңге активін жұмсап, 4 млн 607 мың адам 42 500 теңгеден алды. Сол себепті бүгінгі күні мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаржылық мүмкіндігі шектеліп отыр. Егер ахуалға байланысты қандай да бір төлемдер жасау қажеттілігі туындап жатса, онда басқа қаржы көздерін қарастырамыз, – деді министр.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір