03 Шілде, 2020 NEWS

Алматылықтарға АӘК рәсімдеу үшін бөлімдерге бармау өтініші жасалды: өтініштер автоматты түрде рәсімделеді

gov.kz

Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн брифинг барысында Алматы қаласының Әлеуметтік әл-ауқат қоры басқармасы басшысының орынбасары Данияр Әлкебайұлы карантин жағдайында атаулы әлеуметтік көмек алушылардың тізімі қалай жасалатынын айтты.

Еске сала кетейік, мемлекет басшысының тапсырмасымен шындықты, әділеттікті және еңбекке ынталандыруды қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылдың басынан атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетігі енгізілді. АӘК көрсетудің жаңа тетігі АӘК тағайындау үшін тоқсан сайын құжаттарды қайта тапсыруды қарастырады.

Бұған дейін, ағымдағы жылдың екінші тоқсанында төтенше жағдайдың егізілуіне байланысты, сонымен қатар көрсетілетін қызметті алушымен тікелей қатынасты болдырмау мақсатында АӘК тағайындау мерзімі автоматты (өтінішсіз) түрде ұзартылды.

«Бүгінгі күнгі коронавирус індеті бойынша жағдайды ескере отырып, сонымен қатар көрсетілетін қызметті алушымен тікелей қатынасты болдырмау үшін Министрлікпен АӘК алушылары жүгінуісіз а. ж. 2 тоқсаны табысы негізінде ақпараттық жүйеде автоматты түрде өтініш қалыптастыруды қарастыратын бұйрық жобасы дайындалуда», — деп түсіндіріп өтті Данияр Әлкебайұлы.

Ол аталған шаралардың азаматтардың қауіпсіздігі үшін, сонымен бірге тікелей байланысты болдырмау үшін қажет екенін атап өтті.

«АӘК алушылары болып табылатын азаматтарға 2020 жылдың 3 тоқсанына құжаттарды қайта тапсыру үшін аудандық әлеуметтік әл-ауқат бөлімдеріне жүгінбеулерін сұраймыз. Аталған азаматтардың өтініштері ақпараттық жүйе арқылы автоматты түрде қаралады», — деп атап өтті қаланың Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшысының орынбасары.

Сонымен бірге, АӘК-ге өтініш ұсынбаған азаматтар карантин режимі кезеңінде АӘК тағайындау үшін «Электрондық үкімет» порталының (egov.kz) «Электрондық өтініш» парақшасы арқылы жеке басын куәландыратын құжатты қоса ұсына отырып, өтініш бере алады.

Ағымдағы жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша АӘК 4419 отбасыға (22 000 адам) төленді.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір