06 Тамыз, 2020 NEWS
Нұр-Сұлтан полиция департаментінің әлеуметтік желісінен алынды
Нұр-Сұлтанда ер адам болып адамдарды алдаған әйел ұсталды. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Хабарламада көрсетілгендей, әйел ер адам ретінде танысып, артынша тұрғындардан хабарласу үшін телефонын сұраған. Кейін оқиға орнынан қашып кетіп отырған.
"Полиция қызметкерлері жедел іздестіру шарасы барысында 30 жастағы елорда тұрғынын ұстады. Ол бірнеше рет алаяқтық жасаған. Ер адам болып танысып, тұрғындардан хабарласу үшін телефонын сұраған. Содан соң оқиға орнынан ізін суытып отырған. Күдіктінің сыртқы келбеті ер адамға ұқсас болған. Ұрланған ұялы телефондарды арзан бағаға кездейсоқ адамдарға сатқан" делінген хабарламада.
25 шілдеде күдікті қалада сауда үйлерінің бірінде зейнеткерден телефонын сөйлесуге сұрап, кейін оқиға орнынан қашып кеткен. Зейнеткерге 30 мың теңге көлемінде шығын келтірген.
Департаменттің хабарлауынша, күдіктінің үстінен Қазақстанның қылмыстық кодексінің 190-бабы ("Алаяқтық") бойынша 4 іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Күдікті уақытша тергеу изоляторына қамалды. Оның осы іс секілді қылмысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті күдіктіден зардап шеккен адамдарды төмендегі мекенжайға келуін немесе телефондарға хабарласуын сұрайды:
Бейбітшілік көшесі, №19
8 (7172) 71-61-51; 71-60-69, 8-702-500-97-29 немесе "102".
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір