• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 06:40:57
Алматы
+12°

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Мексикадағы елшісі Андриан Елемесовті қызметінен босатты. Бұл туралы Akorda сайты хабарлады.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Андриан Көпмағамбетұлы Елемесов Қазақстан республикасының Мексика құрама штаттарындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Доминикан республикасындағы, Ямайкадағы, Панама республикасындағы, Коста-Рика республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды" делінген хабарламада.

Адриан Елемесов Көпмағамбетұлы 1963 жылы 10 шілдеде дүниеге келді. Еңбек жолын 1985 жылы жұмыскер, бригадир, шебер, прораб, "Шымкентқұрылыс" трестінің комсомолдық ұйымының хатшысы қызметінен бастады.

2012 жылдың 8 маусымынан Қазақстанның президенті өкімімен Қазақстанның Италия республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды.

2015 жылы Қазақстанның Мексика құрама штаттарындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір