• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 13:42:02
Алматы
+12°

Әлеуметтік желіде Түркістан облысы Арыс қаласында жарылыс болғаны туралы ақпарат тарады. Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі бұл жоспарлы залалсыздандыру жұмыстары екенін, жалған ақпарат таратушылар жауапкершілікке тартылатынын хабарлады. 


"Құрметті Арыс қаласының тұрғындары мен қала қонақтары!

2020 жылы тамыз айының 13 күні Арыс әскери гонизоны аумағында жоспарлы залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Залалсыздандыру жұмыстары қорғаныс министрлігінің арнайы мамандарының бақылауында. Алаңдамауларыңызды сұраймыз. Бұл жұмыстар Арыс қаласының халқы үшін қауіп төндірмейді. Қауіпке негіз жоқ. Үрейге бой алдырмаңыздар!!! Жалған ақпарат таратушылар заңға сәйкес жауапкершілікке тартылатындығын назарларыңызға жеткіземіз" делінген хабарламада.

Әкімдіктің instagram желісіндегі парақшасында жарияланған ақпараттың пікірлер бөлімі жабық тұрған соң, халық алдыңғы жазбаларға жарылысқа қатысты "Сыртқа шықсақ вирустарың, үйде отырсақ жарылыстарың-ақ бәле болды", "тустен кейін неменеге салып жатсындар ескертуді?!", "Ужаааааас жүрегіміз жарылып өлетін болдық қой" деген пікірлерін жазып жатыр.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 

ХАБАРЛАНДЫРУ! ХАБАРЛАНДЫРУ! ҚҰРМЕТТІ АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚАЛА ҚОНАҚТАРЫ! 2020 ЖЫЛЫ ТАМЫЗ АЙЫНЫҢ 13 КҮНІ АРЫС ӘСКЕРИ ГОРНИЗОНЫ АУМАҒЫНДА ЖОСПАРЛЫ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ. ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІНІҢ АРНАЙЫ МАМАНДАРЫНЫҢ БАҚЫЛАУЫНДА. АЛАҢДАМАУЛАРЫҢЫЗДЫ СҰРАЙМЫЗ. БҰЛ ЖҰМЫСТАР АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ ХАЛҚЫ ҮШІН ҚАУІП ТӨНДІРМЕЙДІ. ҚАУІПКЕ НЕГІЗ ЖОҚ. ҮРЕЙГЕ БОЙ АЛДЫРМАҢЫЗДАР!!! ЖАЛҒАН АҚПАРАТ ТАРАТУШЫЛАР ЗАҢҒА СӘЙКЕС ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛАТЫНДЫҒЫН НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА ЖЕТКІЗЕМІЗ. Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Публикация от Арыс қаласының әкімдігі (@arys_kalasy_akimdigi)

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: арысжарылыс

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір