18 Тамыз, 2020 NEWS
almaty_akimat
Алматыда мешітке баруда қойылған шектеудің ұзартылғаны туралы еске салды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында онлайн-брифинг барысында Алматы қаласының Орталық мешітінің наиб имамы Ермек Көкірекбаев хабарлады.
Мемлекеттік комиссия отырысында карантин шараларын кезеңімен алу қаралды. Соның ішінде, діни ұйымдардың әлі де тыйым салынған нысандар тізімінде екені анықталды. Мешіттер елде ТЖ жағдайы алынып тасталғаннан кейінгі аз уақыттан кейін осы кезге дейін келушілер үшін жабық.
Осыған байланысты Қазақстанның Бас мүфтиі инфекциялық ауруларға қарсы мемлекет қабылдаған шаралардың бәрі адамзатты құтқаруға бағытталғанын мұсылмандардың естеріне салған болатын. Ол уақытша шектеуге түсіністікпен және төзімділікпен қарауға шақырды.
«Мешіттерді кезеңімен, сәйкесінше әрбір келуші үшін төрт шаршы метрден кем болмайтындай етіп бөлу, келушілер санын 30%-дан асырмау талабын сақтау және келушілерге барлық қажетті эпидемиялық шараларды өткізгеннен кейін барып ашу ұсынылып отыр», — деді Ермек Көкірекбаев.
Мамыр айының басында елдегі эпидемиологилық жағдай жақсара бастағанын еске саламыз. ҚМДБ мешіттерді қайта аша бастады. Алайда ол ұзаққа бармады. Эпиядемияның күшеюіне байланысты мешіттерге есіктерін жабуға тура келді. Себебі инфекция жұқтырғандар мен қайтыс болғандар саны бірден көбейіп кетті. Мешіттердің адамдар көп жиналатын орын болғанына байланысты, ҚМДБ мешіттер қызметіне уақытша шектеу енгізуге мәжбүр болды. Бұл шешім тек біздің елімізде ғана емес, басқа да мұсылман елдерінде қабылданды.
Соған қарамастан, мешіттерді біртіндеп ашу ұсынысы талқылау кезеңінде.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір