• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 13:26:08
Алматы
+12°

Фото: Дербес компьютерлер

Жаңа оқу жылы қашықтан оқыту режимінде басталды. Бірақ, шалғай ауылдарда тұратын кейбір отбасылардың үйінде интернет тұрмақ компьютер де жоқ. Осыған орай, облысымызда әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балаларына қашықтан оқуға жағдай жасау мақсатында 55 мыңнан астам дербес компьютер сатып алынады.

Техникалық құралдардың алғашқы бөлігі Талдықорған қаласындағы Политехникалық колледжіне жеткізілді. Республикалық бюджеттен бөлінген дербес компьютерлерді арнайы құрылған комиссия мүшелері қабылдап алды.

Шара барысында облыстық білім басқармасының басшысы Майгүл Омарова:

– Қашықтықтан білім алу уақыт талабы. Десе де біз аз қамтылған отбасыларды ойлауымыз керек. Сондықтан бірінші кезекте компьютерлер әр аудан-қалалардағы аз қамтылған отбасыларға беріледі. Компьютерлерді кезең-кезеңімен жеткізу жұмыстары жалғасып жатыр. Бүгін алғашқы бөлігін алдық. Бүлдіршіндерімізге, болашақ білімді жастарға барлық жағдай жасалып жатқанына шын жүректен қуаныштымыз! Қажетті техника барлық аудан-қалаларға берілетін болады, – деді.

Компьютер, ноутбук және планшет сияқты қажетті техникалар сатып алуға республикалық бюджеттен 8,6 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінген. Айта кетейік бұл техникалар отандық «АТЕКА» компаниясынан алынды. Бұл компьтерлердің ерекшелігі – «WI-FI» адаптерлері бар. Яғни, енді оқушаларға интернет тапшы емес. Техникалық құралдардың алғашқы бөлігі Ақсу, Қаратал аудандары мен Талдықорған қаласының оқушыларына берілді. Алдағы аптада техникалық құрылғылардың тағы бір бөлігі келеді деп жоспарлануда.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір