• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 11:10:12
Алматы
+12°
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстауда «Ауыл» Халықтық демократиялық патриоттық партиясының төрағасы Әли Бектаев өңірдің зиялы қауым өкілдерімен кездесті.
 
Партия төрағасы саяси ұйымның қоғамдық құрылым ретінде бірнеше жылдан бері ұлттық құндылықтарды дәріптеу бағытында атқарған жұмыстары мен болашақ жоспарлары жайында айтты.
 
«Қазақ халқы үшін ұлттық құндылықтарымыздың негізі ауыл топырағынан тамыр тартады. «Ауыл» партиясы 2016 жылдан бері «Ауылым алтын тұғырым» атты әдеби-онлайн конкурсын ұйымдастырып келеді. Бүгінге дейін оған 100-ден астам қаламгер қатысты. Әсіресе, жастардың қызығушылығы жоғары. Жыл сайын әдеби конкурсқа жіберілген шығармалардың ішінен үздіктері іріктеліп алынды. Нәтижесінде «Алтын тұғыр» атты үш томдық жинақ жарық көрді. Биылғы жылды есептегенде ауыл тақырыбына арналған үздік туындылардың көлемі 12 томды құрады»,- деді Әли Бектаев.
 
Жиынға қатысушылар ұлттық құндылықтарға қатысты көзқарасты қайта қарау қажеттігін айтты. Себебі, жаңа заман жаңа тренд, жаңа талап туғызып отыр. Мәселен, қоғам белсендісі, медиа-менеджер Әнуар Бимағамбеттің айтуынша, ұлттық құндылықтарды дәріптеу үшін кез келген адам сол ұлттық құндылықтарымызбен өмір сүруі тиіс.
 
«Ұлт деген көзқарастың өзіне қазір басқаша қарайтын уақыт келді деген алғышарт қойылып жатыр. Кез келген мемлекет өзінің ұлттық идеологиясын қалыптастырып жасайтын кезде, ұлттық құндылығына басымдық береді. Себебі ол мемлекеттің тәуелсіздігіне тікелей әсер етеді. Өзінің моделін, мәдени өркениетін, ұлт ретіндегі ерекшелігін сақтаған мемлекеттерде ғана бұл мәселе айтылуы мүмкін. Ұлттық құндылықтарға мәдени-материалдық мұра ретінде қарамауы тиіс. Кез келген қазақстандық ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, бүгінгі заманмен байланыстыра отырып өмір сүруі керек», -деді Ә. Бимағамбет.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір