15 Қыркүйек, 2020 NEWS
Фото: Алматы облысы ақпарат орталығы
Алматы облысында пандемия кезінде қайырымдылық шаралары ұйымдастырылып жатыр.
Күні бүгін Жайыл Абрахманов, Болат Сиырбаев және Марат Беков сынды өңіріміздің атымтай азаматтары 3 ірі-қара малын сойып, инфенциялық аурухана мен провизорлық станционардағы індетпен күресте күні-түні талмай-танбай еңбектеніп жатқан дәрігерлерге ет таратып берді. Денсаулық шекарасында сап түзеп, ажалмен арпалысқа түсіп жүрген жандарға деген бұндай ниет пен көңіл олардың жұмысыны ілгерілеп, өнімді боа түсуіне де септігін тигізбек. Өйткені елдің алғысы мен рахметін сезініп, жылылығына бөленген дәрігерлер қанаттана түсері сөзсіз.
Кең жүректі ауыл азаматтарының қауіпті індет кезінде аудан жұрты үшін атқарған игілікті істері көз қуантады. Әрдайым қайырымдылық жасап, қолындағысын бөліп беруге дайын тұратын жомарт жандар ауданда аз емес. Жомарт жандар игілікті шара әлі де жалғасын табатындығын жеткізді.
Осы ретте барша қайырымды азаматтарға ақ халатты абзал жандардың атынан алғыс блдіріп, бастаған істеріңіз оңымен жалғасып, жақсылығы өздеріңізге еселеп қайтсын демекпіз.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір