• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 16:39:04
Алматы
+12°

Әлеуметтік желіде біренше қыздың оқушы қызды аяусыз соққыға жығып жатқан видео тараған. Оқиға Ақтөбе облысы Темір ауданы Шұбаршы ауылында болғаны анықталды.

Желіде жарияланған видео кадрларында бірнеше мектеп жасындағы қыздың сыныптастарын қалай ұрғаны көрсетілген. Қыздардың бірі күрес әдістерін қолданып, жәбірленушіні шашынан сүйреп, басын тізесімен қысқан.

Кәмелетке толмағандардың өз сыныптастарын ұрып-соғу фактісі бойынша Темір аудандық полиция бөлімі тексеріс жүргізуде.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, 9-сыныптың үш оқушысы әдепсіз қарым-қатынасқа байланысты сыныптасын ұрып-соғып, болып жатқанның бәрін ұялы телефонның камерасына түсірген. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар ауданның оқу орындарында профилактикалық әңгіме өткізді" делінген Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 

Қатарласын аяусыз соққыға жыққан қыздардың қылығы желіде тарады! Көп ұзамай құзырлы орган түсініктеме берді. Қақтығыс Ақтөбе облысы Темір ауданы Шұбаршы ауылында болған. "Кәмелетке толмағандардың өз сыныптастарын ұрып-соғу фактісі бойынша Темір аудандық полиция бөлімі тексеріс жүргізуде. Алдын ала мәлімет бойынша, 9-сыныптың үш оқушысы әдепсіз қарым-қатынасқа байланысты сыныптасын ұрып-соғып, бәрін ұялы телефонға түсірген. Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі инспекторлар ауданның оқу орындарында профилактикалық әңгіме өткізді", - деді облыстық ПД баспасөз қызметі. Кейіннен қыздардың кешірім сұраған видеосы да пайда болды! Қалай ойлайсыздар, кешіре ме? Неге қазіргі балалар осындай қатыгез болып барады?? _____________________________________ В Актюбинской области школьницы избили однокласницу. После беседы в правоохранительных органах, девушки попросили прощения у пострадавшей... Как думаете, почему дети такие жестокие??

Публикация от КАСКЕЛЕН И КАРАСАЙСКИЙ РАЙОН (@kaskelenkz)

Біраз уақыттан кейін желіде сыныптастарын соққыға жыққан қыздардың кешірім сұраған видеосы пайда болды. 

"Ашу үстінде болды оның барлығы.  Адам ашу үстінде не істемейді, сол кезде мен оның шашынан тартып сүйредім. Барлығына мен жауаптымын, барлығы үшін де кешірім сұраймын" делінген екінші видеода.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 

Кенкиякта болган окиганын арты кеширигимге апарды! ______________________________________________ #рекламаактобе #актобереклама #жарнамаактобе #zelloaktobe #aktobe_zello #zello_aktobe #aktobezello #актобежарнама #олхактобе #olx #актобесауда #актобесити #актобесауда #бизнесактобе #продамактобе #продамвактобе #обьявленияактобе #актобеобьявления #новостивактобе #актобеновости #актобезелло #дтпактобе #zellonahodki #алмата #зеллонаходки #утеряноактобе #атырау #актобеonline #чпактобе #акцияактобе

Публикация от AKTOBE Zello - НОВОСТИ АКТОБЕ (@aktobe_zello_)

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір