22 Қыркүйек, 2020 NEWS
Фото: ашық дереккөз
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов облыстық білім басқармаларының басшыларына "Жас маман" жобасын жүйелі іске асыруды тапсырды. Бұл туралы министр білім және ғылым министрлігінің аппараттық отырысында мәлімдеді.
– Баяндама айтылғандай, Түркістан облысында 16 пайыз, Павлодарда 5 пайыз, Маңғыстауда 0 пайыз жұмыс атқарылған. Құрал-жабдықтарды жеткізу бойынша жұмыс тиісті деңгейде емес. Мысалы, Алматы облысында, Жамбыл облысында, басқа облыстарда бұл жұмыс мәресіне жетейін деп қалды. Сонда неге бір облыста жұмыс жақсы жүреді? Ал басқа облыста жұмыс дұрыс деңгейде ұйымдастырылмаған? Түсініксіз! – деді министр.
Министр аталған облыстың білім басқармасы басшыларына жобаны жүйелі жүзеге асыруды тапсырды.
– "Жас маман" жобасы – кәсіптік-техникалық білімді дамытуға өте үлкен әсер ететіні белгілі. Өте маңызды жоба. Көптен бері осы жоба керек деп әріптестеріміз армандап жүрген. Колледждерге тиісті құрылғылар, техникалар жетіспейтінін айтатын. Енді мемлекет тарапынан қомақты қаражат беріліп тұрған кезде оны уақтылы әрі тиімді пайдаланып қалуымыз керек.
Сондықтан тағы да қайталап айтамын: бұл жұмысты өздеріңіздің жеке бақылауларыңызға алу керек. Әлде де уақыт бар. Десек те жылдың соңына дейін уақыт болса да, бұл мәселені қайтадан көтеріп, сіздердің назарыңызға көрсетуді жөн көрдік. Тағы да қайталап айтамын. Республикалық сайтқа әкелініп жатқан барлық техниканы, құрылғылардың актілерін, фотосын көрсетуіміз керек. Қабылдауды да комиссия арқылы жүргізіп, берілген қаражатты тиімді пайдалануға тиіспіз, – деді Асхат Аймағамбетов.
Оқи отырыңыз: Асхат Аймағамбетов: Қазір миға сыймайтын есеп түрлері бар
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір