• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 13:14:33
Алматы
+35°

Айтыс өнерінің иісіне шөлдеген қалың қарашаның нағыз  айтыспен сусындайтын кезі келді! Оған себеп, «Хабар» телеарнасынан дүбірлі дода -  «AITYSTAR»  жобасы көрерменге жол тартуда.  Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған жас ақындар мен азулы айтыскерлер өзара, одан соң шоу-бизнес өкілдерімен  жұптасып сайысқа түседі. Көрігі қызған айтыстың 27 қыркүйектен бастап, «Хабар» телеарнасынан әр жексенбі сайын, сағат 19.00-де куәгері бола аласыз.

Айтыс - ата–бабаларымыздың  аманаты. Бізді біріктіретін күш те, бірлігіміздің белгісі де ұлттық қазынамыздың қаймағына айналған,  қазақтың қанына біткен киелі өнері, салт–дәстүрі, әдебиеті, діні, ділі екені сөзсіз. Осыны ескере отырып «Хабар» телеарнасы назарларыңызға «AITYSTAR» деп аталатын  төл өнеріміз – айтыстың  жаңғыруына арналған жаңа жоба ұсынуда. Жоба аясында 36 айтыскер, 12 эстрада жұлдыздары бір-бірімен жұптасып, айтысу үшін ашық алаңға шығады. «Хабар» телеарнасы

         Айтыс алаңына шыққан жұптардың өнерін қазылар алқасы мен залда отырған көрермендер бағалай алады. Әділқазылар алқасының құрамын  айтыс өнерінің алтын діңгегіне айналған Балғынбек Имаш бастап, эстрада жұлдызы Жанар Айжанова мен Нұр-Сұлтан қаласының Мемлекеттік музыкалық балалар мен жасөспірімдер театрының директоры Асхат Маемиров толықтырды.  «Хабар» телеарнасы
         Жас таланттарды көптің алдына шығаруға, есімдерін танытуға себепкер болған бұл жобаның басты мақсаты - «бұлақ көрсең көзін аш» дейтін дана халқымыздың сөзімен ұштасып жатыр. Республикамыздың түкпір түкіпірінен 24 жас ақынды алдырып, оны іріктеп 12-сін қалдырып, оларды  бұрыннан айтысып жүрген 12 тіс қаққан, сақа ақындарға қосып, 24 ақындарды іріктеп, іріктеп, ішінен 12-сін шығарып өнердегі  танымал жұлдыздармен жұптастырып, бір-бірімен айтыстыру арқылы, бірнеше кезең-кезеңге бөліп осындай бір жобаны қолға алған «Хабар» арнасына алғысым шексіз. Өйткені бұрынғыдай айтысқа мұншалықты ұзақ уақыт үлкен эфирлер берілмей жатқан тұста, пандемия мен карантинның кезінде төл өнермен сусындап қалған халықты бір қуантса, екіншіден танымал ақындар емес, жас өнерпаздарды жарыққа шығаруға өте үлкен себепкер болған жоба. Сондықтан да өзім қолдап, ортасында жүрмін. Осы жобаның арасында болғаныма өте қуаныштымын»,-деді  «AITYSTAR» жобасының төрешілер тізгініндегі белгілі айтыскер ақын Балғынбек Имаш. «Хабар» телеарнасы           

Еске сала кетейік, «AITYSTAR»  жобасының межелі мәресіне жеткен айтыскер ақындарға жұп болып, жобаның ортасында қосылатын эстрада жұлдыздары домбыраның құлағында ойнайтын, айтыс алаңында бұрын-соңды бақ сынап көрген танымал тұлғалар. Олар: Құрманай Бахтиярқызы, Ақбота Керімбекова, Жазира Байырбекова, Ғазизхан Шекербеков, Бағлан Абдрайымов,Ұшқын Жамалбек, Әбдіжапар  Әлқожа, Еркін Нұржанов т.б. 12 танымал ақындардан: Мұрадым Мирланов, Нұрлыбек Мейірманов, Біржан Байту, Әлібек Серғалиев, Әсет Дүйсебаев, Мақсат Аханов, Сырым Әуезхан, Данияр Алдаберген, Аслан Ғафуров, Тоба Өтепбаев, Бек Шымат,Бақытжан Қасым мен тағы 24 жас ақындар бар. Жобаның тізгінін ұстаушы  жүргізушілері - Айгүл Иманбаева мен Жандарбек Бұлғақов.

         Ықылым заманнан бері сайын даланы тербеткен  төл айтыстың төгілгендігін  көремін десеңіз,  27 қыркүйектен бастап,  әр жексенбі сайын кешкі сағат 19.00-де «Хабар» телеарнасынан  «AITYSTAR» жобасын тамашалаңыз. «Хабар» телеарнасы«Хабар» телеарнасы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір