• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

04 Желтоқсан, 13:34:23
Алматы
+7°

Нұр-Сұлтандағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өткен пікірталаста Ақтөбе облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Руслан Мамуновты 14 жылға бас бостандығынан айыруды талап етілті. Бұл туралы "Наша газета"  хабарлады. 

28 қыркүйек  Нұр-Сұлтандағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Ақтөбе облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Руслан Мамуновқа қатысты атышулы іске қатысты сот отырысы өтті. "Қостанайдың экс-әкімі Ахмедбек Ахметжановтың жазасын жеңілдетуге көмектесемін деп алған 1,2 миллион долларды заңсыз пайдаланды" деген Руслан Мамуновтың кінәсі дәлелденген.. 

Мемлекеттік айыптаушы Алмат Сембидің айтуынша, ол бұл қаражатқа Lexus 570 көлігін сатып алған.

– Мамунов бірнеше траншпен ақша ала отырып, Жоғарғы соттың судьяларымен түні бойы моншада болып, "бір келісімге келдік" деп Ахметжановтың туыстарын сендірген. Тіпті осы кездесудің видеосын көрсетті. Бірақ іс жүзінде ол бұл ақшаны жылжымалы және жылжымайтын мүлік сатып алуға жұмсады. Атап айтқанда, 001 RUS мемлекеттік нөмірі бар Lexus 570 көлігі, – деді Алмат Семби.

Прокурор Мамуновты мүлкін тәркілеумен 14 жылға бас бостандығынан айыруды және өмір бойына мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айыруды сұрады.

Сотталушының адвокаты Марат Абдрашитов барлық айып Қостанайдың экс-әкімінің әйелі мен ағасының "негізсіз және жалған" айғақтарына негізделгендігін айтып отыр:

– Ахметжановтар сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке Мамуновқа шамамен 1,2 миллион доллар аударған соң, үш жылдан кейін жүгінген. Ақша қаражатын аудару туралы есеп болған жоқ. Олардың бірден жүгінуіне не кедергі болды? Мүмкін бұл Мамуновтың мемлекеттік қызметке кіруіне және оның Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болуымен байланысты шығар? Мүмкін Ахметжановтар өздері пайда көргісі келді ме? – деді адвокат.

Сондай-ақ адвокат айыптаушылардың 1,2 миллион долларды қайдан алғанына күмән келтірді. Қостанай экс-әкімінің әйелі оларды туыстары мен достарынан қарызға алғанын айтты.

Руслан Мамуновтың өзі сотта Ахметжановтар оған аударылған ақшаның шығу тегі туралы куәлік беру кезінде "сотты алдап жатыр" деп айтты. Оның айтуынша, Ахметжановтардың мұндай соманы қалай жинағанын анықтау керек.

– Мен өзімді кінәсіз деп санаймын, мүмкін болса, үйге баруға рұқсат етіңіз, – деді сотталушы.

Руслан Мамунов Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болып 2019 жылдың қарашасында тағайындалған болатын.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір