• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 10:17:23
Алматы
+35°

Мердігер мекемеден айлығын ала алмаған жұмысшылар жаңадан жасалған жолды қопарып тастады. Олар осылайша жұмыс берушіден кек алмақ болған. Бұл туралы Евразия арнасы хабарлады. 

Әлеуметтік желілерде құрылысшылардың Мамыр-3 шағынауданындағы асфальтты бұзып жатқан видеосы тараған. Жұмысшылардың наразылығының себебі – төленбеген жалақы. Наразы топ басшылары ондаған миллион теңгеге көлік, үй сатып алып, сол үшін жалақыларын кешіктіріп жатқандарын мәлімдеген болатын.

Әкімдіктің айтуынша, басшылық ештеңе сатып алмаған. Керісінше, жұмысшыларды өздерінің міндетін дұрыс атқармады деп кінәлап отыр. 

Осы жағдайға қатысты Әуезов ауданының әкімдігі түсінік берді.

– Мердігерлер тарапынан (жалақыға қатысты) кешіктіру болған жоқ. Жұмысшылар дұрыс төселмеген асфальт-бетонды, бұзып, қайта жасау керек болған. Сол себепті олар наразы болып, басшыларымен арасында жанжал туындады, –  деді әкімдік өкілі.

Әкімдік сонымен қатар бұзылған учаске тез арада қалпына келтірілетінін айтты. Арызданған наразы жұмысшылар жұмыстан шықты.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Жұмысшылар Алматы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір