• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

04 Желтоқсан, 13:25:32
Алматы
+7°

Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның экономикалық дағдарыстан құтылғанын, бірақ қазір ел бұрын-соңды болмаған кризисті бастан кешіп жатқанын айтты, деп хабарлады Ақорда ресми сайты.

– Қазақстан басқа мемлекеттер сияқты теңдессіз дағдарысты бастан кешуде. Тұтастай алғанда, біз елдегі экономикалық дағдарыстың құлдырауын болдырмадық. Бұл жерде Үкімет жақсы жұмыс жасады деп айту керек. Бизнесті ынталандыру бойынша қадамдар жасалып, халықтың осал топтарына көмек көрсетілді.

Дүниежүзілік банк таяуда еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерінің оң серпініне жоғары баға берді.

Сонымен бірге, бүкіл әлемде жақындап келе жатқан пандемияның екінші толқыны жаңа міндеттерді талап етеді, – деді президент коронавирустық пандемияның екінші толқынына дайындық жөніндегі кеңесте.

Мемлекет басшысы үкіметке келесі жылы дағдарысқа қарсы шараларды жалғастыру үшін бірқатар шаралар мен тиісті ресурстар әзірлеуді тапсырды.

– Менің тапсырмам бойынша әлеуметтік-экономикалық жағдай нашарлаған және коронавирустық инфекцияның жаңа толқыны туындаған жағдайларға ден қоюдың кешенді жоспары әзірленді.

Алайда, бүгінгі алаңдатарлық мәсле бар, атап айтқанда, Ресейге санкциялық қысымның күшеюі, Закавказьедегі, көрші мемлекеттердегі жағдайдың шиеленісуі, басқа да сыртқы факторлар біздің дағдарысқа қарсы жоспарларымыз бен болжамдарымызда алдан ала ескеруді талап етеді.

Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп жоспарды өзектендіріп, оны қазан айының соңына дейін әкімшілікке келісуге енгізуі керек, – деді Тоқаев.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір