• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 06:19:04
Алматы
+12°

Батыс елдері екінші дүниежүзілік соғыстан тиісті сабақ ала алмады. Бүгінде бұл елдердегі мұсылмандарға деген өшпенділік мемлекеттік деңгейде қолдау тауып отыр. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған осылай деп мәлімдеді. Бұл туралы Анадолу агенттігі хабарлады.

Еуропа халқы ксенофобияларымен күресудің орнына, қателіктерін халықтан жасырып әлек. Мұнысымен олар тек өздерінің жағдайын ушықтырып жатыр, – деді Ердоған Анкарада сөйлеген сөзінде.

Осы орайда Франция президенті Эммануэль Макронның мұсылмандар мен исламға қатысты айтқан "өткір" пікірін  мысалға алды. Түрік көшбасшысының айтуынша, Франция президенті радикализммен күресуге мүлдем ұмтылмайды және тоталитарлық режимнің негізін қалауға тырысады.

Ердоған Макронға өзі білмейтін тақырыптарға қатысты мәлімдеме жасар алдында абай болуы керектігін  айтты.

Кейбір ашық ақпарат көздеріне сүйенсек, Макрон  барлық мұсылмандарды  өз елінен қуып жіберетінін мәлімдеген көрінеді. 

– Мен спорттық клубтарды радикалды исламизмді үйрететін орынға айналмас үшін оларды мұқият бақылап отыруды жоспарлап отырмын. Имамдарға виза беру тоқтатылуы керек. Енді мешіттерді мен қаржыландырмаймын, – деді Макрон BBC арнасына берген сұхбатта. 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір