09 Қазан, 2020 Әлеумет
Фото: Ернар Айдардың instagram парақшасынан
Белгілі эстада әншісі Ернар Айдар instagram парақшасында мыңдаған адам алданып қалған лотерея дауына қатысты тергеудің барысы туралы айтты.
Өзіне сенгендіктен лотерея билеттерін алып, алданып қалған азаматтардан кешірім сұраған әнші өзінің арам ойы болмағанын, қазіргі кезде тергеу әлі де жалғасып жатқанын, тергеуге куәгер ретінде қатысып жүргенін мәлім етті.
Оның сөзінше, лотерея билеттерінің ақшасын ұйымдастырушылар алған.
Ал жарнамадан түскен қаржыны құзырлы орган қайтару керектігін айтса, қайтаратынын, өзінде қалдырса қайырымдылыққа жұмсауға әзір екенін хабарлады.
Әнші өзін табалап жатқандарға, кешіріммен қарауды сұрады.
"Ақ қарасын білмей, маған қарғыс айтып, жаман сөздер айтып жатқан ағайын: "Жүйелі қарғыс жүйесін табады, жүйесіз қарғыс иесін табады". Ия мен сүріндім. Мүмкін сіздер адамзаттың ешқашан сүрінбейтін түрінен шығарсыздар! Менде өстіп-өстіп өмір сүруді бір күндері үйренермін. Уақыт төреші.
Мен сіздерге тек қана жақсылық тілеймін!
Тергеудің аяқталуын күтейік!" делінген әнші жазбасында.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір