09 Қазан, 2020 NEWS
Фото: wikipedia.org
2006 жылғы үлгідегі 2000, 5000 және 10000 теңгелік банкноттарды айналымнан алудың төрт жылдық кезеңі аяқталды. Бұл туралы Қазақстанның ұлттық банкі хабарлады.
Банк мәліметінше, банкноттар 2006 жылғы 15 қарашада айналымға шығарылып, 2016 жылғы 4 қазаннан бастап заңды төлем құралы болуын тоқтатқан.
"Екінші деңгейдегі банктер, ұлттық пошта операторы және ұлттық банктің филиалдары жоғарыда аталған банкноттарды қабылдап, ұлттық валютаның қолданыстағы ақша белгілеріне айырбастады. Айырбастау кезеңі төрт жылға созылды.
Айналымнан алу мерзімінің аяқталуына байланысты 2006 жылғы үлгідегі номиналдары 2000, 5000 және 10000 теңгелік банкноттар Қазақстанның бүкіл аумағында, оның ішінде екінші деңгейдегі банктердің, ұлттық пошта операторының және ұлттық банктің филиалдарында қабылданбайды және айырбасталмайды" делінген хабарламада.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір