13 Қазан, 2020 NEWS
BBC
Үкіметке қарсы шыққан шерушілерді жазалау үшін Беларусь полициясына адам өлтіретін қаруларды қолдануға рұқсат берілді. "Мұны жергілікті үкіметтің жоғары лауазымды адамы растады" деп хабарлады BBC.
ЕО сыртқы істер министрлері президент Александр Лукашенкоға санкциялар салуға дайын екендерін мәлімдеді.
Беларусттегі тамыздағы сайлау әділетсіз өтті деп танылған соң елде жаппай наразылық басталды.
"Беларуссия билігі наразылықты басу кезінде қатыгездік пен азаптау қолданды" деп айыпталуда.
Дүйсенбіде елдің ішкі істер министрлігі зейнет жасындағы наразылық білдірушілер қатысқан рұқсат етілмеген митинг кезінде полицияның гранаталар мен көзден жас ағызатын газдар атқанын растады.
Министрліктің баспасөз хатшысы "азаматтар агрессия жасай бастағаннан" кейін шара қолданылғанын айтты және демонстранттардың қамауға алынғанын хабарлады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір