24 Қазан, 2020 Барлық аймақтар
Фото: ашық дереккөз
Қазақстанның сыртқы істер министрлігі "Борат-2" фильміне қатысты ұстанымын білдіріп, мәлімдеме жасады.
Министрлік мәліметінше, фильм авторларына нота жолдау мағынасыз.
"Борат-2 фильмі – коммерциялық жоба. Фильм авторлары Қазақстан билігінің ресми наразылығын арандатып, фильмге жақсы жарнама жасамауды көздеп отыр. Арандатушылық мақсатта Қазақстан халқын, оның мемлекеттік рәміздерін мазақ етуде. Наразылық нота жолдау мағынасыз, өйткені оның адресаты жоқ. Неғұрлым дүрліктіре берсек, соғұрлым фильм авторлары пайда табады. Үлкен пайда табу авторларды фильмді жалғастыруға итермелейді. Негізінде, фильмде нәсілшілдік пен ксенофобияның айқын формасы бар. Біздің азаматтарымыздың ашық нәсілшіл шабуылдарға наразылығы әділ" делінген хабарламада.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір