• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 09:27:58
Алматы
+12°

Фото: Көрнекі сурет

Бүгін 20 шақты қазақстандық Алматыдағы АҚШ-тың Бас консулдығы алдына жиналып, "Борат 2" фильмінің көрсетілмеуін талап етті. Олар "Америкада тұратын қазақтарды қорлау тоқтатылсын", "Құлап жатып сүрінгенге күлме" деп жазылған плакаттар ұстап шықты.

Белсенділер қазақ, ағылшын, орыс тілінде жазылған плакаттармен қоса табыт алып келген. Онда "Өз отанында жерленсін" деп жазылған. 20 шақты адам петицияға қол қойып, оны АҚШ консулдығының өкіліне тапсыруды жоспарлаған. Алайда белсенділермен жүздесуге ешкім шықпады.

Бұған дейін "Намыс" қозғалысының жастары Алматыдағы АҚШ консулдығының алдына жиналып, наразылық хатын тапсырған.

"Борат 2" фильмінің трейлері жарық көргенде қазақстандықтар мен шетелдегі қазақтар түрлі реакция білдірді. Бірі "фильмге көп көңіл бөлу арқылы оған жарнама жасаймыз" деп халықты сабырға шақырса, енді бірі ұлттық намыстың тапталғанын айтып, фильмнің көрсетілуіне қарсы петицияға қол қойды. Ал үшінші тарап "фильм арқылы қазақ қоғамының осал тұсы арзан күлкі арқылы көрсетіліп отыр" деген пікірде.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Борат Петиция

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір