• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Қараша, 20:30:56
Алматы
+12°

04 Қараша, 2020 Барлық аймақтар

Медицина қызметкерлеріне үстемеақыға 154,7 млрд теңге бөлінді

Эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысқаны үшін медицина қызметкерлеріне үстемеақы төлеуге әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 154,7 млрд теңге бөлінді.

Фото: freepik.com

Коронавирус инфекциясын алдын алуға және емдеуге, сондай-ақ Covid-19-дың таралуын болдырмау мақсатында эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысқаны үшін медицина қызметкерлеріне үстемеақы төлеуге әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 154,7 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

2020 жылдың наурыз-қыркүйек айлары аралығында қорға 135,6 млрд теңге төленді. Шығындардың басым бөлігін, яғни 81,3 млрд теңгені эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған медицина қызметкерлерінің жалақысына үстеме құрады.

«Денсаулық сақтау министрлігі орталық деңгейде және жергілікті атқарушы органдар коронавирустың ықтимал екінші толқынына дайындық жұмыстарын жалғастыруда. Өз кезегінде Қор коронавирус пен пневмониямен ауыратын науқастарға көрсетілетін медициналық көмектің уақытылы төлемін жүргізеді. Бұл ретте, осы аурулармен ауыратын пациенттерге медициналық көмек МӘМС жүйесіндегі сақтандырылу мәртебесіне қарамастан көрсетіледі» деп хабарлады ӘМСҚ баспасөз қызметі.

Наурыздан қыркүйекке дейін провизорлық және карантиндік стационарларға емдеуге жатқызуды қаржыландыруға 24,5 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалды, оларда карантиндік оқшаулау және қажет болған жағдайда 240 мыңнан астам адам емделді.

Осы кезеңде инфекциялық стационарларда 72 мың пациент емделді. Covid-19 және коронавирустық пневмониямен ауыратын науқастарды амбулаториялық және стационарлық жағдайда емдеуге барлығы 18,8 млрд теңге жұмсалды.

ПТР диагностикасын жүргізуге 19 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Наурыздан қыркүйекке дейін жүргізілген тестілеу үшін Қор 10,7 млрд теңге төледі. ПТР-тестілеуден еліміздің стационарларында 222 024 қазақстандық, амбулаториялық жағдайда 708 124 адам өтті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір