06 Қараша, 2020 NEWS
Фото: видеодан скриншот
Ұлтараздықты қоздырған Қостанай облысы Рудный қаласының тұрғыны Кирилл Александрович Божко 2 жылға сотталды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.
"Сотталушының кінәсі бейнежазба және арнайы сараптама қорытындысымен дәлелденді. Сот іс бойынша барлық мән-жайды ескере отырып, Божконы 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне енген жоқ" делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, Кирилл Божко Inter вата youtube арнасына берген сұхбатында Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін, жерін қорлап, қазақ халқының ар-намысына тиетін сөздер айтқан болатын.
Кейіннен Кирилл Божко ұлтараздықты қоздыратын сөздері үшін кешірім сұрап, өкініш білдірген. Алайда желіде кей қолданушылар азаматты Қазақстанның қылмыстық кодексінің 174-бабы (әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни араздықты қоздыру) бойынша жауапқа тартуды талап еткен.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір