• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 06:12:20
Алматы
+12°

13 Қараша, 2020 Барлық аймақтар

«Хабар» арнасы жас жұбайлардың Елорда төрінен баспана алуына себепші болды

«Хабар» арнасындағы «QALAMAIMYN» жобасы – еліміздегі қазақы нақыштағы тұңғыш ток-шоу. Жоба аясында отау құрып, отбасылық өмірге аяқ басқалы тұрған 12 жұптың құдаласып, құдандасуы жүзеге асmы. Бағдарламаның бірінші маусымының жеңімпаздарына «Хабар» арнасы Нұр-Сұлтан қаласындағы пәтердің кілтін табыстады.

фото: «Хабар» арнасы

Руслан мен Гүлжан ұлттық әдет-ғұрыптар қайта жанданатын «Qalamaimyn» бағдарламасына кездейсоқ келгендерін баяндады. Қазір олар Алматыдағы жалдамалы пәтерде тұрады. Гүлжан әлеуметтік қызметкер болса, жұбайы көлік жүргізушісі болып қызмет жасайды.

«Мен өзім ұтып аламын деген мүлде ой болмады. Әрине, үміт болды. Бірақ, ұтып алған кездегі сезімім әлі ойласам, көзіме жас келеді» - деп атап өтті Гүлжан Қажынова.

Гүлжанға осында сырға салынып, ұзатылу рәсімі де тележоба арқылы ұйымдастырылды. Салт дәстүрдің озығын көрсетіп, олар он екі жұптың арасынан суырылып алға шықты.

«Qalamaimyn» жобасы Қазақстан Республикасының Президенті – Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың: «Телевизиялық және радио хабарларының сапасын арттыру қажет. Арзан ойын-күлкіден гөрі, ұлттық идеяға қызмет ететін топырағымыздан тамыр алған төл бағдарламаларды молайту қажет..»,-деген сөздері мен ұсынысын негізге алады. Жобаның басты мақсаты – мемлекет басшысының той-думанға қатысты үндеуін халыққа дұрыс жеткізу. Ұлттық құндылықтарды ұлықтай отырып, қазақы қуанышты төл дәстүр жолымен өткізу. Дарақылықтан тыйып, бұрмаланған салт-сананы түзету, үлкендер мен жас буынның арасына дәнекер болу.

«Qalamaimyn» ток-шоуының бірінші маусымында «Хабар» арнасының көрермендеріне үйлену тойы рәсімдерінің барлық ерекшеліктері көрсетілді. Реалити шоудың жүргізушілері - Бауыржан Ибрагимов, Ұлдана Ерқасым бағдарламаның 50 шығарылымында қазіргі заманғы отбасылардың мәселелерін талқылады, жоба барысында ұмытылған дәстүрлер қайта жаңғырды, жаңа отбасылар құрылып, отау құрушылар арасында пайда болған мәселелер ашық сарапқа салында. Жобада жастарға қазақтың салт-дәстүрлері көрсетіліп, өнегелі өсиеттер айтылды. Бағдарламаға қоғам қайраткерлері, өнер адамдары, отбасы институттарынан келген сарапшылар, әншілер де қатысып отырды. Пәтер иесін қатысушылардың өздері дауыс беру арқылы анықтады. qamshy.kz

«Хабар» арнасындағы шаңырақ көтеруге уәделескен  ғашықтардың отау құруына себепші болған бағдарламаның алда да талай қызықтары өз көрерменін күтуде. Ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүрді дәріптеп, наным-сенімдерді заманауи түрде жаңғыртып, эфир барысында екі елдің құдаласуына куә болатын «Qalamaimyn» реалити-шоуының жаңа маусымы 16 қарашадан бастап сағат 17:00-де «Хабар» арнасынан жіберіп алмаңыздар.

qamshy.kz

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір