• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 07:39:28
Алматы
+35°

Белгілі журналист және саясаткер Ермұрат Бапидің үстінен азаматтық белсенді Дулат Ағаділдің ұлының қаралы жиынына қатысқаны үшін қозғалған іс тоқтатылды, деп хабарлады KazTag агенттігі.

– Сот болған жоқ. Мен сағат 10:00-де келдім. Мені сол жерде қарсы алып, жергілікті полиция қызметінің бөлмесіне апарды. Мені не үшін ұстағандарын айтпағандықтан, іспен таныса бастадым. Бес минуттан кейін олар сот болмайтынын, мені пост арқылы шығаратынын айтты, – деді Бапи ҚазТАГ агенттігіне берген жауабында.

Бапидің айтуынша, оны полицейлер сенбі күні митингке қатыстырмау үшін ұстаған.

– Мені cенбі күні митингке қатыстырмау үшін ұстады деп ойлаймын. Жанболат Ағаділдің жаназасына қатысты деген айып тағып, мені митингке қатыспасын деген болар, – деді ол.

14 қараша күні Ермұрат Бапи Шоқан Уәлиханов алаңында өткен митингке бара жатқанда ұсталған болатын.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір