• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 16:27:49
Алматы
+35°

17 Қараша, 2020 Барлық аймақтар

Ипотеканы рәсімдеу процесі өзгереді

Рәсімдеу кезіндегі бюрократияны шешу үшін Blockchain технологиясын қолданылды.

Фото: Krisha.kz

Бүгін Үкімет отырысында ипотеканы рәсімдеудің күрделі процесін блокчейн технологиясымен алмастыру мәселесі сөз болды. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин өзінің Facebook парақшасында жариялады. 
 
"Ипотекаға пәтер сатып алғанда, кепілді тіркеу қажет. Бүгінде таңда, банктен құжаттарын алып, оларды ХҚКО-ға ұсыну қажет. 3 жұмыс күннен кейін ХҚКО-дан құжаттарды алып, оларды қайтадан банкке кері қайтару керек. Содан кейін ғана ипотека беріледі.
 
Рәсімдеу кезіндегі бюрократияны шешу үшін Blockchain технологиясын қолдандық. Осы күрделі процес тек сынақ форматында автоматтандырылды. Бұл бізге қандай мүмкіндіктерді берді? Ипотеканы ресімдеу мерзімдерін қысқарту және клиент деректерінің сақталуы. Мұндай жобалар басқа банктермен де іске асырылатын болады және құрылыс компаниялары да осы технологияға қызығушылық танытып, процеске тартылады деп үміттенеміз.
 
Сондай-ақ автокөлікті сатып алу-сату процесін өзгерттік. Автокөлікті тіркеу онлайн режимінде қолжетімді болғанына қарамастан, азаматтар Мамандандырылған ХҚКО-ға тікелей келіп, бірнеше уақытын жұмсауда. Мамандандырылған ХҚКО-ларға жыл сайын 3 млн астам азаматтар жүгінеді. Ұзақ қатарлы кезектер пайда болады.
 
Біз енгізген жаңа процесс – базада сатып алушы ақшаны сатушы автомобильдің шотына аударғаннан кейін бірден автокөлік иесін өзгертуге мүмкіндік береді. Барлық мәселелерді жедел пысықтағаны үшін ІІМ әріптестеріне алғыс айтқым келеді. Бүгін ғана осындай ыңғайлы сервис пилоттық режимде Kaspi.kz қосымшада қолжетімді"  деп жазды Бағдат Мусин. 
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ипотека Бағдат Мусин

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір