25 Қараша, 2020 Барлық аймақтар
Фото: Ашық дереккөз
Қызылорда облыстық төтенше жағдай департаментінің бастығы Бағдат Данилов 48 жасында қайтыс болды, деп хабарлады Қазақстан төтенше жағдай министрлігі Іnstagram желісіндегі ресми парақшасында.
"ҚР ТЖМ ұжымы Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Данилов Бағдат Жұмаұлының мезгілсіз қаза болуына байланысты туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады" делінген хабарламада.
Данилов Бағдат Жұмаұлы Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Жалағаш ауылында 1972 жылғы 31 наурызда дүниеге келген.
1990 жылдан бастап азаматтық қорғау органдарында қызмет еткен.
2015-2020 жыл аралығында Жамбыл облысы ТЖД басшысы болды. Бүгінге дейін Қызылорда облысы ТЖД-не жетекшілік етті.
Азаматтық қорғау полковнигі әріптестеріне сыйлы, туыстарына құрметті адам болған. Атқарған қызметіне сай медальдармен, төс белгілермен марапатталған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір