25 Қараша, 2020 NEWS
Фото: azh.kz
Атырау облысында жаңа бас санитар дәрігер тағайындалды. Бұл туралы azh.kz порталы хабарлады.
Басылым мәліметінше, жаңа бас санитар дәрігер – бұрын осы лауазымды атқарған, қазір Атырау облысы бойынша мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті бастығының міндетін атқарушы Амантай Жұмағалиев.
"Тамызда сол кездегі әкім орынбасары Нұрлан Таубаев таныстырған бұрынғы басшы Асылбек Шаров өз өтініші бойынша туған Маңғыстау облысына оралды" делінген жазбада.
COVID-19 пандемиясы басталғалы облыста 7 бас санитар дәрігер ауысты.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір