Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғановаға бірқатар тапсырма берді. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

Агенттік төрағасы мемлекет басшысына 2021 жылдың басында өтетін президенттік кадр резервінің екінші іріктеуіне дайындық жұмыстары туралы ақпарат берді.

Анар Жайылғанованың айтуынша, іріктеуден 50 адам өтеді. Сондай-ақ ол үміткерлерге қойылатын критерийлер мен біліктілік талаптарының күшейтілгенін атап айтты.

Резервті жасақтау кезінде қоғамдық мүдделерді негізге алатын тұлғаларға басымдық беріліп, өзгерістер жөнінде нақты тәжірибесі бар заманауи басшыларды анықтауға мән беріледі.

Мемлекет басшысы өз сөзінде ең үздік үміткерлерді таңдау үшін іріктеу жұмыстарын сапалы әрі ашық өткізудің маңызды екенін атап өтті.

Сонымен қатар агенттік төрағасы мемлекеттік қызметке іріктеу жүйесін жетілдіру ісіне де тоқталды.

Оның айтуынша, осы бағыт аясында басшылық және атқарушылық қызметтерге қойылатын құзыреттерді анықтау үшін тестілеу емес, сұхбат өткізу ұсынылып отыр. Бұл іріктеудің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Ол президентке мемлекеттік аппаратты қысқарту, мемлекеттік саяси қызметті кәсібилендіру, мемлекеттік басқару үдерісін цифрландыру жөніндегі жұмыстар туралы да айтты.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев агенттік жұмысының негізгі бағыттары бойынша тапсырмалар берді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір