09 Желтоқсан, 2020 Әлеумет
Фото: ашық дереккөз
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты "Қазқайтажаңарту" республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры болып Махаббат Садуақасұлы Бигелдиев тағайындалды. Бұл туралы мекеменің баспасөз қызметі хабарлады.
Махаббат Садуақасұлы 1961 жылы 22 наурызда Алматы облысы Жамбыл ауданында дүниеге келді. Алматы сәулет-құрылыс институтын бітірген.
Еңбек жолын 1978 жылы Күрті аудандық ішкі істер бөлімнің күзет бөлімінде жұмыскерліктен бастап, кейіннен құрылыс мекемесінің жұмысшысы, кеңшардың жұмысшысы болды.
1986-1989 жылдары – Күрті аудандық коммуналдық мекемесінің шебері, бас инженері.
1989-1991 жылдары – Күрті ауданының бас сәулетшісі.
1991-1996 жылдары – Күрті аудандық жылу жүйелері мекемесінің директоры.
1998-1999 жылдары – Талғар аудандық жылу жүйелері мекемесінің директоры, Алматы облыстық жылу жүйелері мекемесінің бас директоры.
1999-2001 жылдары – "Алаутрансгаз" АҚ Алматы филиалының менеджері, бөлім меңгерушісі, "Жетісугаз корпорациясы" ААҚ "Алматыгазсервис" Іле филиалының бастығы.
2001-2002 жылдары – Талғар ауданы Нұра ауылдық округінің әкімі.
2002-2005 жылдары – Талғар ауданы Тұздыбастау ауылдық округінің әкімі.
2005-2007 жылдары – Жамбыл ауданы әкімінің және Қарасай ауданы әкімінің орынбасары.
2009 жылғы мамыр-қыркүйек айларында – облыстық сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бастығы.
2009-2011 жылдары – Жамбыл ауданының әкімі.
2011 жылғы сәуірден 2012 жылғы қаңтарға дейін – Талдықорған қаласының әкімі.
2012 жылғы қаңтардан 2012 жылғы маусымға дейін – Алматы облысы әкімінің орынбасары.
2012 жылы Алматы облысы Панфилов ауданының әкімі.
2013 жылы Алматы облысы Жамбыл ауданының әкімі болып тағайындалды.
2018 жылы Алматы облысы Кербұлақ ауданының әкімі болып тағайындалған.
"Құрмет" орденімен марапатталған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір