09 Желтоқсан, 2020 NEWS
Фото: news1.ru
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов карантин талаптарына қатысты қала тұрғындарға ескерту жасады.
– Карантин талаптарын сақтау керек. Қоғамда сақталуы керек талаптарға мән бермейтін адамдар бар. Бірақ қазір басым көпшілік талаптарды сақтауды үйренді. Біз әрі қарай түсіндіру жұмыстарын жалғастыруымыз керек. Карантин шектеулерінің енуі орынды. Себебі қазір жабық ғимараттарда балалар алаңы мен кинотеатрларда, адам көп жиналатын жерлерде карантин шектеулері бар. Олар жалғасын табады. Локдаун болғанда адамдарға қиын болғанын көрдік. Бізге ол тағы керек пе? Меніңше, біз оны болдырмауымыз керек. Ол қоғамның әрбір мүшесіне байланысты, – дейді әкім.
Ол қосымша карантин шаралары науқас саны көбейген кезде енгізілетінін атап айтты.
– Санитарлық дәрігерлер және сауда орталықтармен ақылдастық. Себебі адамдар жаңа жыл қарсаңында дүкендерге көп барады. Сондықтан адамданың көп шоғырлануын бодырмау үшін біз гипермаркет пен супермаркеттерді тәулік бойы жұмыс істеуге көшіруді ойластырып жатырмыз. Сол кезде біз дәлізді кеңейтеміз, адамдар сол кезде асықпайтын болады. Жақын арада ол туралы айтамыз.
Тағы да бірқатар шара қабылдаймыз. Себебі локдаун экономикалық негатив әсерін тудырады. Адамдар жұмысқа бара алмайды. Ұжым көп жиналатын кәсіпкерліктер жұмыскерлерін қашықтан жұмыс істеуге жіберді. Қаланы жабу жоспарда жоқ. Алайда қосымша карантин шаралары науқас саны көбейген кезде енгізіледі, – деп атап өтті А. Көлгінов.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір