• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 06:05:23
Алматы
+12°

Орталық сайлау комиссиясының бүгінгі отырысында ұлттық байқаушыларға қатысты жаңа талаптар қойылмағаны хабарланды.

– Енгізілген ешбір жаңалық жоқ. Бәрі де Орталық сайлау комиссиясының қаулыларына негізделген. Шынайы факттар болғандықтан осы қаулы (бақылаушылардың жұмысы туралы) қабылданды. Себебі біздегі үкіметтік емес ұйымдардың үштен бірі өз жұмысын тұрақты түрде жүргізбейді. Сайлау комиссиялары олардың қайсысы жұмыс істейтінін, қайсысы жұмыс істемейтінін тексере алмайды. Сол себепті ұлттық бақылаушы ретінде сайлау учаскесіне тіркелу үшін нақты қандай құжаттардың керектігін нақтыладық, – деп түсіндірді комиссия төрағасының орынбасары Константин Петров.

Одан бұрын заңды тұлғалардың жарғысында азаматтардың байқаушы болуға құқығы бары хабарланған болатын. Азаматтық кодекстің талаптарына сәйкес (141, 106, 107-баптар) заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында оны құрудың мәні мен мақсаттары көрсетілуі тиіс.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір