• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 12:23:27
Алматы
+35°

14 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында «Ақындар ауылды жырлайды» атты әдеби-поэтикалық кеші өтті. 

Аталған шараға «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы Әли Бектаев, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар Дәулеткерей Кәпұлы мен Зейін Әліпбек қатысты.

Сондай-ақ рухани кешке партияның 2017 жылдан бері жыл сайын өткізіп келе жатқан «Ауылым - алтын тұғырым» онлайн-байқауының жеңімпаздары мен қатысушылары да жиналды.

Аталған байқаудың басты мақсаты - ұлттық құндылықтарды дәріптеу және ауылдың рухани өмірін, тыныс-тіршілігін, ауылда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық процестерді сипаттау арқылы ұлттық құндылықтарды насихаттау.

Кеш барысында сөз алған партия төрағасы Әли Бектаев:

«Ауыл тақырыбы – ешқашан таусылмайтын, еш шекарасы жоқ, ештеңемен шектелмейтін күрделі тақырып екеніне көзіміз жете түсті. Ауылдың қасиеті мен киесін көрсетудің жақсы бір жолы – әдеби конкурстар арқылы дәріптеу екені белгілі. Ауыл тақырыбын сөз еткен ең мықты шығармаларға онлайн байқау жарияладық. Поэзия, проза, драма данрлары бойынша өткен байқауға елге танымал ақын-жазушылар қазылық етті. Бұл игі бастама дәстүрге айналып, жыл сайын өткізіліп келеді. Сол арқылы ел арасынан қаншама мықты жас таланттар жарыққа шықты», - деп атап өтті.

Ауыл партиясы

Ал «ADAL» партиясынан Мәжіліс депутаттығына кандидаттар 14 желтоқсан күні кездесу өткізді. Кездесу барысында партияның экономикалық секторларын дамытудың жаңа идеялары, халықтың әртүрлі санаттарын қолдау жөніндегі ұсыныстары, көпшілікті толғандыратын өзекті проблемалар қарастырылды.

Мәселен, Шідерті ауылында болған Олжас Ордабаев пен Ақмарал Бекмырзаева бағдарламаның негізгі тармақтарын көрсетіп, партияның жалпы идеологиясы мен құндылықтары туралы сөз қозғады.

Ауыл тұрғындары науқастардың дәрі-дәрмекпен уақытылы қамтамасыз етілмеуі, сондай-ақ жайылымдық жердің жоқтығы сынды бірнеше мәселемен шағымданды.

Олжас Ордабаев бұл мәселелер партияның бақылауына алынатындығына сендірді.

Екібастұз қаласы тұрғындарының арасында проблемалы несиелері бар кәсіпкерлер көп екен. Ақмарал Бекмырзаева партияның осындай несиелерге жаппай рақымшылық жасау туралы ұсынысы туралы айтты.

Кездесуде Олжас Ордабаев еліміздің әрбір тұрғыны партияның веб-сайты арқылы кез-келген аймақты дамыту бойынша өз ұсыныстарын енгізуге, елді мекендердің бюджеттері туралы ақпарат алуға және т.б. мүмкіндіктері бар екенін жеткізді.

Партия мүшесі Ардақ Назаров Тараз қаласындадағы "Тараз-Ғасыр" колледжінде жастармен кездесу өткізді. Ардақ Назаров өзі туралы, балалық шағы, спорттық мансабын қалай бастағаны туралы айтып берді.

"Бала кезімізде біз жақсы жағдайда өмір сүрмегенімізге қарамастан, мен сынған жоқпын, жаман жолмен жүрмедім. Меніңше, бұл маңызды. Еңбекқор болу маңызды. Тек еңбек арқылы ғана табыс пен молшылыққа қол жеткізуге болады", - деп атап өтті ол.

Адал партиясы

Алматыда Қазақстан Халық партиясының өкілдері қаладағы орта мектептердің, сондай-ақ колледждер мен жоғары оқу орындарының педагогтары және оқытушыларымен кездесті.

ҚХП өкілдері Қазақстандағы білім берудің негізгі проблемасы – оның қолжетімсіздігі екенін атап айтты. Олардың пікірінше, теориялық тұрғыдан алғанда біздің елде барлығына тегін орта білімге кепілдік берілген. Алайда кей жерлерде сапалы білім тек элита өкілдеріне ғана арналғандай. 

– Мейлі ол қалада немесе ауылда тұрсын, әр бала, мектептің әр түлегі өздері қалаған білімге қол жеткізуі керек, – деді ҚХП Алматы қалалық филиалының жетекшісі Әлібек Шапенов. 

ҚХП жағдайды жақсарту үшін не ұсынып отыр? Ең алдымен білім беруді сапалы, тегін және ел халқының барлық санаттары үшін қолжетімді ету керек.

– Білім беру – мемлекеттің жүйе құраушы институты. Сапалы және қолжетімді білімге инвестиция құю – бұл Қазақстанның адами капиталына құйылған инвестиция, – дейді партиялықтар.

ҚХП партиясы«Ақ жол» партиясының кандидаттары Шымкент қаласындағы «Медикер» медициналық бірлестігі ұжымымен кездесті. Кездесуге медициналық мекеменің дәрігерлері, қала жастары, партия мүшелері мен кәсіпкерлер қатысты.

Жиында «Ақ жол» партиясы Шымкент филиалынан Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі депутаттығына үміткер Тұран Әбжанов партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

- Биыл елімізде жайлаған COVID-19 індетімен жан аямай күрескен сіздерге алғыс білдіремін. Өздеріңіз білесіздер «Ақ жол» партиясы эпидемияны ескере отырып, дәрігер мен медицина қызметкерінің материалдық жағдайын қамтамасыз ету, сондай-ақ ақ халатты жандардың кәсіби және адами қасиеттерін қорғау үшін  олардың мәртебесі туралы Заңды әзірлеуді ұсынды. Сіздердің еңбектеріңізді біз әрқашан бағалаймыз және құрметтейміз, - деді Тұран Әлімханұлы.

Партия

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір