21 Желтоқсан, 2020 NEWS
Фото: Qamshy.kz
"Ақ жол" партиясының төрағасы Азат Перуашев өздерін тәжірибелі партия екенін айтып, сайлауалды науқан барысында заңсыздықтарға бармайтынын мәлім етті.
Бұған дейін экс-банкир, Қазақстанда экстремистік деп танылған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысының жетекшісі Мұхтар Әблязов жақтастарын Нұр Отан партиясына қарсылық ретінде Ақ жол партиясына дауыс беруге шақырған. Сондай-ақ ол Нұр Отан партиясының үгіт қағаздарын жыртуға, ілініп тұрған жерінен алып тастауға үндеген.
Азат Перуашев заң талаптарына сәйкес келмейтін үгіт-насихат материалдары партия тарапынан жасалынып жатпағанын атап өтті.
– Кез келен сайлаушы белгілі бір партия үшін дауыс берсе, демек ол басқа партияларға қарсы дауыс бергені ғой. "Ақ жол" партиясы он сегіз жылдық тәжірибесі бар, көп жылдар бойы саяси сахнада жүрген партия ретінде тек заңдық шараларды ғана жасайды әрі азаматтарды сайлауалды заңнамаға әрекеттерді ғана істеуге шақырады. Егер сайлаушылар, болмаса бақылаушылар заң талаптарына сәйкес келмейтін, заң талаптарына жауап бермейтін үгіт-насихат материалдарын немесе үгіт-насихат іс-шараларын көрсе, бұл "Ақ жол" партиясынікі емес екенін мәлімдеймін, – деді Азат Перуашев.
Бұған дейін Мұхтар Әблязов жақтастарын Нұр Отан-ға қарсылық ретінде ЖСДП партиясына дауыс беруге шақырған. ЖСДП өкілдері экс-банкир әрекетін "арандату" деп бағалаған. Артынша ЖСДП алдағы парламент мәжілісі сайлауына бойкот жариялаған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір