• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 21:35:51
+35°

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды рождество мерекесімен құттықтады. Бұл туралы elbasy.kz сайты хабарлады

– Қымбатты отандастар!

Православ христиандарын және барлық қазақстандықтарды шуақты мереке – Рождествомен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мейрам  ғасырлар бойы татулық пен ізгіліктің, сүйіспеншілік пен мейірімділіктің символы болып келеді. Оның өзегінде зор жасампаз күш, үміт пен үйлесім ұялап жатыр.

Қазақстанда атап өтілетін Рождество және басқа да діни мерекелер біздің өмірімізге оптимизм, рухани байлық, толеранттылық әкеледі. Осы күндері адамның жүрегі ең ізгі сезімдерге толып, мұқтаждарға көмектесуге, жақын жандарға қуаныш сыйлап, қамқорлық жасауға деген ықылас оянады.

Мәңгілік рухани құндылықтар біздің еліміздегі барлық діндер мен этностар өкілдерінің басын біріктіріп отыр. Олар татулықтың, тұрақтылық пен бірліктің берік негізіне айналып, Қазақстанның қарқынды дамуына септігін тигізуде.

Осы жарқын мерекеде баршаға баянды бақыт, игілік пен мықты денсаулық тілеймін!, – делінген Назарбаев құттықтауында.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Назарбаев рождество

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір