• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Қараша, 01:06:52
Алматы
+12°

Фото: Халықаралық Түркі академиясының баспасөз қызметі

Түркі дүниесі Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Әділ Ахметов Халықаралық Түркі академиясы 8 қаңтар күні Нұр-Сұлтан қаласында өткізген «Түркі әлемі: тарихи-мәдени мұра» атты халықаралық конференция көрші мемлекеттер арасына іріткі салғысы келетін саяси сайқымазақтардың сандырағына орынды жауап болды деп санайды. 

 

– Бұл конференция және оның терең ғылыми мазмұны халықтар арасына ірткі салып, Қазақстан және Ресей халықтарының достығына сына қаққысы келетін әртүрлі санаттағы саяси сайқымазақтардың жалған әрі негізсіз әрекеттеріне лайықты жауап болды, –  деп атап өтті.

 

Онлайн-оффлайн режимде өткен шараға 20-дан астам мемлекеттен ғалымдар мен сарапшылар, сондай-ақ түркі әлемінің бірқатар ресми тұлғалары, халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір