• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

08 Мамыр, 07:47:40
Алматы
+35°

Алматыда парламент сайлауына бойкот жариялап, митингке шыққан бір топ белсенділерді полиция тәуелсіздік алаңындағы ескерткішке қарай жібермей қоршап тұр.

Митингшілерді тарауға шақырған құзырлы орган өкілдерімен қатар белгілі боксшы, Сидней олимпиадасының чемпионы Ермахан Ибраимов, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ректоры Тахир Балықбаев тарауға шақырды.

Алайда шерушілер олардың сөзін естіртпей, "Ермахан Ибраимов биліктің сойылын соққан қарабет" деп сөйлеуіне мүмкіндік бермеді. Өзіне айтылған сөздерден кейін митингшілерге ұмтылған боксшыны әлдекімдер ұстап қалды.

Митинг өтіп жатқан тәуелсіздік алаңы мен сол жерге жақын маңайда ұялы байланыс нашар, интернет мүлдем істемейді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір