• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 23:25:28
Алматы
+12°

Мәжіліс сайлауына бойкот жариялап, митингке шыққан белсенді Жанболат Мамай мен оның жақтастары және "Oyan, Qazaqstan" қозғалысының мүшелері Республика алаңында әліге дейін полиция қоршауында тұр. 8 сағаттан бері бір орында тұрған белсенділердің кейбірінің денсаулығы сыр беріп, жедел жәрдем шақыруға тура келген. Бұл туралы белсенді Инга Иманбай facebook парақшасында хабарлады.. 

– Демократиялық партияның белсендісі Аружан Дүйсебаеваны ес-түссіз күйде жедел жәрдем көлігімен алып кетті. 8 сағат бойы суық пен аштықта тұрғаннан ауырып қалды. Демпартиялықтар мен Жанболат Мамайды әлі ОМОН-дар қоршап тұр, – деп жазды Инга Иманбай.

Сондай-ақ "Oyan, Qazaqstan" қозғалысының өкілі Әсем Жапишева да ауырып, жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді.

– Әсем Жапишева жедел жәрдем арқылы 12 ауруханаға жеткізілді! Жанболат Мамай мен оның жақтастары алаңда 8 сағаттан астам уақыттан бері тұр, – деп жазды Иманбай.

Наразылар қоршауға алынғалы нәр татпады. Айтуларынша, дәретханаға жібермегендіктен, тұрған жерлерінде дәрет сындыруға тура келген.

Тағы оқыңыз:

♦ "Дариға келме", "Ермахан қарабет", "Мамай құмалақ". Сайлау күнгі Алматыдағы митинг

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Сайлау бойкот

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір