• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 11:55:37
Алматы
+12°

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевты қабылдады, деп хабарлады Ақорда сайты.

Алик Шпекбаев Тоқаевқа сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамалардың іске асырылуы және еліміздің Transparency International сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі бойынша ілгерілгені туралы айтты.

Агенттік төрағасының айтуынша, жүйелі жүргізіліп жатқан саяси жаңғыру мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформалардың арқасында Қазақстан аталған рейтингте алғаш рет 38 балл жинаған. Бұл елдің 19 сатыға жоғары көтеріліп, 94-орынға табан тіреуіне мүмкіндік берген.

Мемлекет басшысы агенттіктің шығындарды өтеу және тиімсіз жұмсалған қаржының алдын алу бойынша атқарған жұмысының нәтижесінде 95,6 миллиард теңгенің кері қайтарылғанын, оның экономикалық тиімділігін оң бағалады. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қылмыстарының 5 пайызға төмендегенін атап өтті.

Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа заңнамалық бастамаларды сапалы түрде жүзеге асыруға және ЭЫДҰ мен ГРЕКО стандарттарына сәйкес салалық заңнаманы жаңғыртуды жалғастыруға, оның ішінде, шенеуніктердің шығыстары мен кірістері бір-біріне сәйкес келмегені үшін жауапкершілік енгізу мәселесіне назар аударды.

Кездесу соңында президент Агенттік төрағасына жазаны бұлтартпай орындау қағидатын қатаң сақтаудың маңызды екенін айтып, қылмыстың алдын алу ісінде азаматтық қоғаммен байыпты жұмыс жүргізуді тапсырды.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір