• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 02:40:04
Алматы
+35°

2021 жылдан бастап жоғары оқу орындары жеке үлгідегі дипломдар беретін болады. Бұл туралы білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов хабарлады.

– Жеке үлгідегі дипломдар жұмыс берушілерге маман даярлау сапасын бағалауға мүмкіндік береді. Дипломдарда жоғары оқу орны, білім беру бағдарламасының атауы, бітірушінің деректері, оқыту нысаны көрсетілуге тиіс. Берілген дипломға дербес жауапты болатын ректордың қолы болуға тиіс. БҒМ жасаған бірегей сәйкестендіру нөмірі болады, – деді вице-министр.

Ол өз сөзінде әр дипломда қорғаныс белгілері болуы керектігін жеткізді.

– Жоғары оқу орнының осы оқу орнында оқымаған, білім беру бағдарламасын аяқтамаған адамға диплом беруі лицензиядан айыру және аккредиттеуді кері қайтарып алуға негіз бола алады. Жеке үлгідегі дипломдарды қолдан жасау ресми құжаттарды қолдан жасау болып саналады. Мұндай әрекет үшін Қылмыстық кодекстің 385-бабы бойынша жауапкершілік көзделген, – деп жазды желідегі жазбасында.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір