• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 02:22:50
Алматы
+12°

Әлеуметтік желіде вакцина салдырғаннан кейін құлап қалған талдықорғандық мейірбикенің видеоүндеуі тарап жатыр. Облыстық аурухананың инфекциялық бөлімінде істейтін мейірбике есінен тануына байланысты тараған кейбір ақпарат жалған екенін жеткізді.

– Кеше №2 емханаға COVID-19-ға қарсы вакцина алуға бардық. Вакцина алар алдында уайымдағаннан кейін жүрегімнің соғысы қатты болып, сол жерде маған алғашқы көмек көрсетілді. Алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін жағдайым жақсарып үйге қайттым. Ал Инстаграм желісіндегі мені "сол жерде талып қалыпты", мені "жансақтау бөліміне алып кетіпті" деген ақпараттың бәрі жалған екендігін айтқым келеді, – деді мейірбике.

Қазіргі уақытта мейірбике өзінің жұмыста отырғанын және жағдайы жақсы екенін айтты.

3 ақпанда талдықорғандық мейірбике ресейлік "Спутник V" вакцинасын салдырғаннан кейін есінен танып қалғаны хабарланған.

Кейіннен Қазақстанның денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният мейірбикенің вакцина салдырғаннан кейін құлап қалуы "вакцинаның әсерінен емес" екенін мәлімдеген.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір