04 Ақпан, 2021 NEWS
Фото: qamshy.kz
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы коронавирусқа қарсы вакцина салуға қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы діни басқарманың ресми сайты хабарлады.
Діни басқарманың мәліметінше, шариғат бойынша екпе салуға болады.
"Арнайы медицина мамандары қазіргі таңда әлемге қауіп төндірген коронавирус індетінің алдын алу үшін вакцинациялаудың адам денсаулығын сақтап қалудың қауіпсіз және тиімді әдіс екенін айтып жатыр.
Ал шариғат бойынша зәру жағдайда екпе салуға болады. Алайда екпе салдыру – әр азаматтың өз еркі" делінген хабарламада.
Кеше орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында денсаулық сақтау вице-министрі Ерлан Қиясовқа "Коронавирус вакцинасы "халал" ма?" деген сауал қойылған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір