12 Ақпан, 2021 NEWS
"Құрылыс тоқтасын!" Медеу ауданы тұрғындарының наразылығы (видео)
Алматыда Медеу ауданына қарасты Назарбаев даңғылы 176 және 220/3 мекенжайы бойынша орналасқан екі үйдің тұрғындары шу көтеріп, құрылыс жұмыстарын тоқтатуды талап етті. Айтуларынша, үйлерінің алдынан Абай 8 мекенжайы бойынша жер асты паркингі бар екі көпқабатты тұрғын үй кешені салынбақ.
Фото: Qamshy.kz
Аталған нысандарды салуға Алматы қаласының қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы рұқсат берген. Тапсырыс беруші – Ирида Инвеста ЖШС. Бас мердігер – РАМС Қазақстан ЖШС компаниясы. Тұрғындардың талап-тілегін тыңдауға Медеу ауданының әкімі Әсет Масабаев пен аталған компания өкілдері жиналды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір