15 Ақпан, 2021 Әлем
Фото: BBC.com
Microsoft компаниясының негізін қалаушы, миллиардер, Билл Гейтс "ғаламдық жылыну проблемасын шеше алса, бұл адамзат жасаған ең таңғажайып нәрсе болар еді" дейді. Салыстырмалы түрде, пандемияны жеңу "өте оңай" дейді ол. Оның ойынша, ғаламдық жылыну коронавирустан да үлкен қауіп төндіруі мүмкін.
Гейтстің "Климаттық апаттың алдын қалай алуға болады?" Атты жаңа кітабы ғаламдық жылынумен күресудің нұсқаулығы ретінде сипатталды.
Миллардер ғаламдық жылынудың алдын алу үшін нақты және көрнекті нәтижесі бар жұмыстар істелмегенін, бұдай кейнігі 30 жыл ішінде де солай болу ықтималдығы жоғары екенін айтып, алаңдаушылғын жасырмады.
Оның айтуынша, әлем бойынша жылына шамамен елу бір миллиард тонна парниктік газдар атмосфераға жиналады. "Біз нөлге түсіруіміз керек" деген миллиардер коронавирус пандемиясына салыстырғанда, ғаламдық жылынудың адамзатқа үлкен қатер төндіретінін айтты.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір