• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 17:55:13
Алматы
+12°

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев тұрғындарға есеп беру кездесуінде келешекте Алматыдан Қаскелең мен Талғарға электр пойызы жүретінін мәлім етті.

Әкім адамдар мен автокөліктің күн сайынғы ары-бері қозғалысынан туындайтын жүктемені азайту мақсатында қала сыртына қатынайтын қоғамдық көлікті дамыту қажеттігін айты, әкімдік тарапынан қажетті шаралар қабылданып жатқанын жеткізді.

– Қазір Қаскелең мен Талғарға электр пойызын жүргізу мәселесі қолға алынып отыр. Мысалы, Мәскеуде жақын маңдағы елдімекендерге жүретін "электричкалар" бар. Сол секілді біз де Талғардан "Халық Аренаға" дейін қатынайтын "электричканы" іске қосуды ойластырудамыз. Осындай жобамен бізге инвесторлар шығып отыр. Осы мәселені Қаскелең жақтан жүргізуді де қарастырып отырмыз, – деді Бақытжан Сағынтаев.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір